присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ерлі-зайыптылар қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталды

02 қараша 2023 09:59
Ерлі-зайыптылар қаржы пирамидасын құрғаны үшін сотталды

«Елімай-2019» ТК ұйымдастырушылары қаржы пирамидасын құрғаны үшін бас бостандығынан айырылды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ведомствоның Алматы облысы бойынша департаменті «Елімай-2019» тұтыну кооперативі қаржы пирамидасы ұйымдастырушыларының 2019-2021 жылдар аралығында қайтарымсыз қарыз беру түрінде 3 мыңға жуық салымшының 1,5 млрд теңгеден аса қаражатын заңсыз тартқандығын анықтаған.

Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу мақсатында тергеу басырында қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларына тиесілі құны 1,2 млрд теңгелік мүлік анықталып, олардың аталған мүлкі және 129 млн теңге ақшасы бұғатталды, – деді Әлібек Әбділов.

Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы ерлі-зайыптыларға 6 және 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұғатталған мүлік жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге жұмсалатын болады.

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын құру, басшылық ету және жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертеді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру