присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

«Йогамен айналысып жүрмін»: Арыстанбек Мұхамедиұлы сот залына жеткізілді

17 сәуір 2023 16:22
«Йогамен айналысып жүрмін»: Арыстанбек Мұхамедиұлы сот залына жеткізілді

Бүгін экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі бойынша сот процесі басталды. Ол түске дейін сотқа онлайн режим арқылы қатысқан еді. Ал түстен кейін экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы сот залына жеткізілді.

Байқоңыр ауданы сотында экс-министр мен тағы басқа сотталушыларға қатысты іс бойынша сот процесі басталды.

Сот залына жеткізілген экс-министр денсаулығының жақсы екенін айтты.

Күнде йогамен айналысамыз. Бәрі жақсы, - деді ол.

Сондай-ақ экс-министр тергеу изоляторында қысым жасалмағанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұл іс бойынша 4 сотталушы бар: Арыстанбек Мұхамедиұлы, Азамат Көшенов, Алмаз Нұрасхан және Айым Садвакасова.

Айта кетейік, 2022 жылғы 28 мамырда сот санкциясымен Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Ол бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2019 жылғы шілдеде музей директоры болды. Оған дейін 5 жыл Мәдениет және спорт министрлігін басқарған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген шығын сомасы 7 млрд теңгені құрағанын хабарлаған.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру