Ыстамбұлдағы қазақтар зілзаладан зардап шеккендер үшін 160 мың доллар жинаған
Қазір Ыстамбұлда тұратын қазақтар Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберіп жатыр. Оған қоса, ақшалай 16 мың доллар жинаған.
ҚР СІМ мәліметінше, жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жіберу жұмыстарын Ыстамбұлдағы бас консулдық, еліміздің белсенді азаматтары, студенттер мен жергілікті қазақ диаспорасы ұйымдастырған.
Осы уақытқа дейін сомасы шамамен 160 мың АҚШ долларын құрайтын көмек жиналып, жөнелтілді. Атап айтқанда, балалар тағамдары, балалар киімдері, жөргектер, азық-түлік, жылы киімдер, көрпелер және т.б. қажетті өнімдер жолданып жатыр. Гуманитарлық көмек түрік билік органдарының келісімімен жасалуда, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Бас консул Әлім Байел көмекке өз үлесін қосып жатқан Ыстамбұлдағы қазақтарға алғыс айтты.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ