присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Заң күшіне енді: Қазақстанда шетелдіктер 30 күн ғана бола алады

30 қаңтар 2023 14:41
Заң күшіне енді: Қазақстанда шетелдіктер 30 күн ғана бола алады

Елімізге визасыз келген шетелдіктер тек 30 күн болады алады. Бұл туралы ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.

27 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңартылған көші-қон ережелері күшіне енді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, елімізге визасыз келген шетелдіктер елде 30 күн ғана бола алады. 6 ай ішінде визасыз келген шетел азаматтарының елде болу мерзімі 90 күннен аспауы керек. Елімізге келген ЕАЭО азаматтары үшін 180 күн ішінде 90 күннен аспайды. Бұрынғы талапта бұл мәселе реттелмеген, яғни шетелдіктер Қазақстанда жүріп-тұру мерзімі аяқталғаннан кейін елден кетіп, қайта келіп, мерзімді жаңарта алатын еді, - деді Шұғыла Тұрлыбек ІІМ-де өткен брифингте.

Ол жаңа ереженің уақытша тұру рұқсаты немесе визасы бар шетелдіктерге қатысы жоғын атап өтті.

«Ереже «Халықтың көші-қоны туралы» заңның 6-бабына сәйкес келтірілген. Шетел азаматтарының Қазақстанда жүріп-тұру ережесін бұзу фактісі анықталған жағдайда Шекара қызметі «Халықтың көші-қоны туралы» заңның 48-бабына сәйкес шара қолданады», - деді ІІМ өкілі.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру