Жаңа жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлем мөлшері артады
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері артады. Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.
Атап айтқанда, құжатта 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделген. Аталған қаражат еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтиды.
Бұл мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.
Еске сала кетсек, Әлеуметтік кодекске сәйкес, Үкімет еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төлемдердің мөлшерін жыл сайын арттырып отырады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ