присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Жамбыл облысында 13 қару мен 350-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді

15 желтоқсан 2022 15:04
Жамбыл облысында 13 қару мен 350-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді

Жамбыл облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында 3 күн ішінде түрлі калибрлі 13 қару мен 345 оқ-дәрі тауып, тәркіледі.

Полиция қызметкерлері Жамбыл облысы ҰҚКД жедел тобымен бірлесіп, Тараз қаласының шетінде бетон плитаның астынан зауыттық нөмірлері қолдан өшірiлген АК-47 автоматы, 9 мм калибрлі оқ-дәрісі бар Байкал травматикалық тапаншасы, 7,62 мм калибрлі 20 оқ-дәрі тапты.

Сонымен қатар, 13 желтоқсанда Байзақ ауданындағы Талас өзені көпірінің астынан скотчпен оралған газет бумасы табылды. Оның ішінде 2 оқжатар және 5 оқ-дәрісі бар 9 мм калибрлі Макаров тапаншасы табылды. Сол күні Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылының шетінде орналасқан шаруа қожалығында 38 жастағы малшыдан 12 мм калибрлі ИЖ-18 тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы тәркіленді.

Барлық қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру