Жамбыл облысында қылмыс деңгейі төмендеді
Жамбыл облысының полиция департаменті осы жылдың алты айында атқарылған жұмысты қорытындылады.
Жедел кеңесте ПД бастығы Арманбек Баймурзин жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің негізгі талаптары мен тапсырмаларын жеткізді. Бірінші жартыжылдықтағы қызмет нәтижелерін талдай отырып, ПД бастығы қабылданған алдын алу шаралары қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Өңірде қылмыс деңгейі 13,5%-ға төмендеді. Атап айтқанда, аса ауыр қылмыс саны, (9,7%), ауыр қылмыс (12,1%), ауырлығы орташа қылмыс (29,8%), кісі өлтіру (35%), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (31,3%), жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс (24,1%) саны қысқарды.
Тонау деректері 31%-ға, бұзақылық 37,9%-ға азайды. Алаяқтықтың барлық түрін тіркеу 10,8%-ға төмендеді.
Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ұрлықтың 28,1%-ға, олардың ауыр түрлерінің 15,4%-ға төмендеуіне қол жеткізілді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ