присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Жамбыл облысының тұрғынынан 10 млн теңгенің марихуанасы мен гашиш тәркіленді

06 қазан 2023 14:48
Жамбыл облысының тұрғынынан 10 млн теңгенің марихуанасы мен гашиш тәркіленді

Жамбыл облысының тұрғынынан құны 10 млн теңгеге жуықтайтын марихуана мен гашиш тәркіленді.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, ІІМ ЕҚҚІҚД, «Бүркіт» АМБ, ҰҰ 5514 ә/б қызметкерлері Тэй атты қызметтік-іздестіру итінің көмегімен есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау үшін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. «Қарасора – 2023» ЖПІШ аясында Мойынқұм ауданының құмды аймағынан есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Байзақ ауданының 43 жастағы тұрғыны ұсталған.

Жасырын орынды тексеру барысында өсімдік тектес заттары бар 17 полиэтилен қап және ұнтақталған заты бар 2 полиэтилен пакет, сондай-ақ есірткі затын ұнтақтауға арналған елек табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, алынған заттардың жалпы салмағы 229 келі 140 грамм кептірілген марихуана және 4 келі 532 грамм гашиш есірткі заты екені расталды. Қара нарықтағы бағасы – шамамен 10 млн теңгеге жуық.

Ұсталған адам бұрын бірнеше рет сотты болған. Ол өзінің кінәсін толық мойындады. Қазір осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясымен 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деді ПД ЕҚҚІҚБ бастығының орынбасары Дінмұхамбет Қойториев.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру