присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Жетісу облысында күдіктілер орманнан мыңға жуық ағашты заңсыз кескен

14 қараша 2023 09:57
Жетісу облысында күдіктілер орманнан мыңға жуық ағашты заңсыз кескен

Жетісу облысында жол бойындағы орманнан мыңға жуық ағашты заңсыз кескен екі күдікті жауапқа тартылады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, аталған дерек Ақсу ауданында тіркелген. Құқық қорғау органдары жаңа кесілген ағаш пен жүк тиелген тіркемесі бар жүк көлігін ұстады. Тексеру барысында Қызылағаш және Сағабүйен кенттері арасында ағаштардың заңсыз кесілгені анықталды.

Орман алқабында барлығы 1 мыңға жуық ағаш кесілген. Көлемі мен келтірілген залал әзірге анықталып жатыр. Осы жайт бойынша ҚР ҚК-нің 340-бабы 1-бөлімінде көзделген қылмыстық іс қозғалды, – деп мәлімдеді Ақсу ауданының полициясы.

Ағашты заңсыз кесу дерегі бойынша Талдықорған мен Алматыдан келген 38 және 28 жастағы екі тұрғын күдікке ілінді. Ұсталғандарға қатысты келу туралы міндеттеме процедуралық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру