присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Жетісу облысында шетел валютасын тасымалдау жолы әшкереленді

05 сәуір 2023 17:42
Жетісу облысында шетел валютасын тасымалдау жолы әшкереленді

Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті соңғы 15 күнде «Нұр жолы» кеден бекетінде шетел валютасын тасымалдау жолын әшкереледі.

Қазір «Нұр жолы» кеден бекетінде жеке азаматтардың қолма-қол шетел валютасын декларацияламау фактілерін анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Нұр жолы» кеден бекетінің қызметкерлері қорғаныс кешенінің шекаралық бақылау қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына шығудың әкімшілік залында 15 күн ішінде шетел валютасын тасымалдауға тырысудың 5 фактісін анықтады.

Қытай Халық Республикасының азаматынан 16 наурызда 10 мың АҚШ доллары, 1 100 юань және 73,5 мың теңге сомасында декларацияланбаған қаражат анықталды.

Сол сияқты, 18 наурызда Тәжікстан азаматы 11 875 АҚШ долларын, ал 25 наурызда Қытай Республикасы азаматтарының 5 млн теңге, 416 юань және 1,7 млн теңге мен 14 500 АҚШ долларын декларацияламағаны анықталды

Сәуірдің басында Қытай азаматы 15 500 АҚШ долларын декларацияламай алып өтпек болған.

Барлық фактілер бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті президенттің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 жарлығына сәйкес, ҚР Ұлттық Банкі әкету күніне белгіленген бағам бойынша есептеген және 10 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынғанын еске салады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру