присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Жезқазғандағы мектепке дейінгі ұйымдарға тексеру басталды – Антикор

11 маусым 2024 09:55
Жезқазғандағы мектепке дейінгі ұйымдарға тексеру басталды – Антикор

Қаржы мониторингі агенттігі Ұлытау облысының жалпы білім беру ұйымдарында азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлардың бағасының негізсіз қымбаттауына байланысты тексеруді бастады.

Мысалы, Жезқазған қаласының 12 мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеке кәсіпкерлерден қымбат бағаға сатып алу фактілері анықталды.

Өндіруші зауыттан тұтынушыға дейінгі бағаның айырмашылығы: қант 303 тг/кг мен 750 тг/кг (147%), қарақұмық жармасы 232 тг/кг мен 580 тг/кг (150%); айран 2,5% 450 тг/л. мен 179 тг/л. (135%); нан 475 тг/дана мен 85 тг/дана (274%); тауық жұмыртқасы 65 тг/дана мен 43 тг/дана (51%) болған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өнім берушімен қосымша келісімдер жасалды. Оның қорытындысы бойынша нан, ұн, қант, өсімдік майы, айран, қарақұмық, күріш, сәбіз, пияз, тұз, жұмыртқа мен картоптың бағасы түсіп, 17 млн теңгеден аса сома үнемделді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру