«Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалының басшысы ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалы – «Қала маңы тасымалы» басшыларының біріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, аталмыш акционерлік қоғам филиалының директоры 2020 жылдың қыркүйегі мен осы жылдың желтоқсаны аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деген күдікке іліккен. Алынған пара сомасы 11 миллион теңгеден асады.
Биыл 20 желтоқсанда күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ