Жыл басынан бері теңге 5,8%-ға әлсіреді
2024 жылдың 9 айында теңге 5,8%-ға әлсіреді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.
Қыркүйекте теңгені айырбастау бағамы бір доллар үшін 481,11 теңгеге дейін, яғни 0,1%-ға аздап нығайды. Алайда жыл басынан бері теңге 5,8%-ға әлсіреді, - деді Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, трансферттерді қамтамасыз ету үшін қыркүйекте Ұлттық қордан республикалық бюджетке 945 млн долларды сатып, теңгеге қолдау көрсеткен.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялау үшін шетел валютасын сатып алу көлемі 500 млн доллар болды. Зейнетақы активтерінің валюталық үлесі мақсатты 40% деңгейіне жетуіне байланысты шетел валютасын сатып алуды тоқтата тұру туралы шешім қабылданды, - деді Сүлейменов.
Тимур Сүлейменов теңгенің бұдан кейінгі динамикасы әлемдік нарық пен геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болатынын атап өтті.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ