присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Жылдық табысы 40 млн теңгеден асатын қазақстандықтарға қосымша салық салынады – министр

27 қазан 2023 12:59
Жылдық табысы 40 млн теңгеден асатын қазақстандықтарға қосымша салық салынады – министр

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жылына 40 млн теңгеден көп табыс табатын қазақстандықтарға қосымша салық салу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.

Ведомство басшысы ен байлыққа салық салу негізінен мүлікке қатысты екенін айтты.

Мысалы, қымбат көліктер, меншігіндегі ұшақтар, жылжымайтын мүлік нысандары жатады. Қымбат мүліктер негізінен импорттық өнім болып саналады. Оларды Қазақстан аумағына жеткізіліп, тіркегенде (байлық салығы) салынады, - деді министр.

Сондай-ақ Әлібек Қуантыров прогрессивті салық шкаласы Салық кодексі аясында қалай жұмыс істейтінін айтты. Енді жылдық табысы 40 млн теңгеден асатын қазақстандықтарға қосымша салық салынуы мүмкін.

«Қазақстанда 4 сатылы прогрессивті салық шкаласы болды. Прогрессивті салық жүйесі 5 пайыздан 20 пайызға дейін болатын. Негізінен 10 пайыздық тегіс шкаланы қалдыру ұсынылып отыр. Оған қосымша 15 пайыздық прогрессивті салық салынады. Оның көлемі жылына ең төменгі 480 айлық көрсеткіші көлемінде болады. Бұл – шамамен 40 млн теңге. Егер (табысы) одан көп болса, яғни жылдық табысы 50 млн теңге шықса, 10 млн теңгеден артық табысының 15 пайызын төлейді. Бұл халықтың аз бөлігін ғана қамтиды және көлеңкелі экономиканың артуына ықпал етпейді. Себебі, мұндай айлықты табысы жоғары секторларда ғана төлейді. Бұл салаларда салық жүйесі ашық», - деді министр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру