Жұмысшыларына жалақы төлемеген кәсіпорындарға 9,5 млн теңге айыппұл салынды
Биыл 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 78 кәсіпорны 7,1 мың жұмыскерге 1,1 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 105 нұсқама беріліп, 9,6 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 5 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 529 млн теңге төленді.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ