Әуежай мен өткізу пунктінен жалған құжатпен жүрген Тәжікстан азаматтары ұсталды
ҰҚК Шекара қызметі шетел азаматтарының жалған құжаттарды пайдалану деректерін анықтауды әлі жалғастырып жатыр.
Ведомство өкілдері 22 ақпанда Алматы қаласының халықаралық әуежайында және Павлодар облысының «Шарбақты» өткізу пунктінде Тәжікстан Республикасының 6 азаматы ұсталғанын мәлімдеді.
Төлқұжаттық бақылауды іске асыру барысында аталған азаматтардан ҚР аумағында уақытша болуға рұқсат беру туралы жалған анықтамалар және Шекара қызметінің шекарадан өтті деген жалған мөр басылған төлқұжаттары анықталды, - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Қазір ұсталғандар тергеліп жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін қос азаматтығы бар 140-қа жуық адамның Қазақстаннан шығарылғанын жазған болатынбыз.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ