Үкімет мүшелері Екібастұзға барды
Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды.
Primeminister.kz-тің хабарлауынша, энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов те Екібастұздың жағдайымен танысып жатыр.
Үкімет мүшелерінің міндеттері - апаттың себептерін анықтап, зардап шеккен тұрғындардың проблемаларын шешу.
Қазір ЖЭО-да 6 қазандық штаттық режимде жұмыс істейді. 143 көпқабатты және 132 жеке үйге, сондай-ақ 13 әлеуметтік нысанға жылу қайта қосылды. 21 учаскенің 20-сында жөндеу жұмыстары аяқталды. Проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында үйлерді аралап, проблеманы шешу үшін тиісті тапсырма беріліп жатыр. Қалада азаматтар үшін 14 жылыту пункті жасақталған.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ