Үкімет отырысында жаңа министрлер ант берді
Үкімет отырысында жаңа тағайындалған министрлер ант берді.
Әділет министрі Азамат Есқараев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, Экология және геология министрі Зүлфия Сүлейменова, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ант берді.
«Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстан экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге ант етемін», - деді ант берген министрлер.
Одан бөлек, 4 қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен Ғалымжан Қойшыбаев ҚР премьер-министрінің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ