присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

ҰҚК Серік Күдебаевтың елден қалай қашқаны жайлы жорамалын айтты

20 сәуір 2023 11:47
ҰҚК Серік Күдебаевтың елден қалай қашқаны жайлы жорамалын айтты

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың елден қалай қашқанына қатысты болжамын айтты.

Қырғызстан шекарасындағы Іле Алатауының тау жотасы 672 шақырымды құрайды. Ол тау арқылы қашып кетті деген болжам бар. Күдебаевтың туған жеріндегі тау маңында шаруашылық, елді мекен бар. Біз тау арқылы кетті деген нұсқаны қарастырып жатырмыз, - деді Ерлан Алдажұманов.

Айта кетейік, 3 сәуірде Талдықорғанда өткен сот отырысында прокурор Серік Күдебаевтың қылмыстық ісін тоқтатып, оған халықаралық іздеу жариялауды сұрады.

Серік Күдебаевқа сот үкімі 10 наурызда шығуға тиіс еді. Алайда оның ауруханаға түскені хабарланды. Содан кейін сот процесі бірнеше рет кейінге қалды.

Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру