присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

ҰҚК заңсыз қару мен жалған доллар сатқан күдіктіні ұстады

13 наурыз 2023 12:57
ҰҚК заңсыз қару мен жалған доллар сатқан күдіктіні ұстады

Жамбыл облысында қару мен жалған доллар сатудың арнасын ұйымдастырған ер адам ұсталды.

Өңірде қарудың және жалған шетел валютасының заңсыз айналымының жолын кесу үшін арнайы операция өткізілді. Нәтижесінде қылмыстық қару мен жалған долларды сатудың жасырын арнасын ұйымдастырған ер адам ұсталды.

Арнайы операция алдында ұзақ уақыт жедел зерделеу жұмысы жүргізіліп, қару, оқ-дәрі, сондай-ақ жалған доллар әкелудің дерегі анықталды.

Қылмыскерлер заманауи техниканы пайдаланып, өте сақ әрекет еткен. Сондықтан оларды ұстау қиындық тудырды. Күдіктінің заңға қайшы әрекеті еліміздің қоғамдық-экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндірді. Дер кезінде қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыстық бизнес жойылды, - деп жазылған хабарламада.

Заңсыз айналымнан 4 қару: «Калашников» автоматының жетілдірілген түрлері, тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықтар, 450-ден аса оқ-дәрі және аса ірі көлемде жалған доллар тәркіленді.

Ұсталған адам қылмысын мойындады. Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабы негізінде сот рұқсатымен күдікті 2 айға тергеу изоляторына қамалды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру