Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасына қатысты тың мәлімет жариялады
«7-20-25» бағдарламасы 2029 жылға дейін созылуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір Ұлттық банк қаржыландыру мәселесін талқылап жатыр.
«Президент сайлауалды тұғырнамасын іске асыру аясында «7-20-25» бағдарламасын 2029 жылға дейін жалғастыруды тапсырды. Ұлттық банк үкіметпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жекелеген, оның ішінде қаржыландыру мәселелеріне байланысты параметрлерді талқылап жатыр», - деп хабарлады Ұлттық банк.
Талқылау аяқталған соң қабылданған шешім жарияланады.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк бағдарламаның нақты аяқталу мерзімі белгіленбегенін хабарлады. Бағдарлама шарты бойынша халыққа несие беру бойынша бөлінген қаражат толық игерілгенге дейін жалғасады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ