Ұлттық банк қазақстандықтарды сақ болуға шақырды
Ұлттық банк пен ҰБ Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы (ТҚТДО) Цифрлық теңге жобасына инвестиция салуға жарнамалайтын сайттардың пайда болғанын ескертеді
Жоба адамнан инвестиция құюды талап етпейді. Ол төлемдер мен ақша аударымдары саласында Қазақстанның ұлттық валютасы үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуды көздейді.
«Қазір цифрлық теңге әзірлеу және сынақтан өткізу кезеңінен өтіп жатыр. Жоспар бойынша ұлттық цифрлық валютаны енгізуге қатысты түпкілікті шешім осы жылдың соңына дейін қабылданады», – деп жазылған хабарламада.
Ұлттық банк тұрғындарды сақ болуға шақырды.
Қазақстандықтардың жеке деректері мен қаражатын ұрлау үшін алаяқтар Цифрлық теңге жобасы бойынша жалған веб-сайттар мен әлеуметтік желілерде парақшалар ашып жатыр. Ұлттық банк мұндай интернет-ресурстарға сенбеуге әрі жеке және байланыс деректері көрсетілген кез келген бланкті толтырмауға шақырады. Егер жеке деректерді жіберіп қойсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласу керек, – деп жазылған хабарламада.
Цифрлық теңге жобасы туралы ресми ақпарат төмендегі сілтемеде көрсетілген:
nationalbank.kz – Ұлттық банк сайты;
payfintech.kz – ТҚТДО сайты;
Басқа сайттардың, оның ішінде .kz домендік кеңістігінен тыс тіркелген сайттардың бұл жобаға еш қатысы жоқ;
Басқа ақпаратты Ұлттық банктің 1477 байланыс орталығынан алуға болады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ