Ұлттық нақыштағы көліктер Қазақстан қалаларын безендірді
2024 жылдың 04 сәуірі, Алматы қ. – Көктемнің басты мерекесі Наурыз қарсаңында inDrive компаниясы ұлттық нақыштағы ең үздік автокөлік дизайнына байқау жариялады. Наурыздың 18-і мен 31-і аралығында жүргізушілер қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін бейнелейтін көліктерін түрлендірді. Жарыстың жүлде қоры бір миллион теңгені құрады.
Байқаудың мақсаты қатысушылардың шығармашылығы мен қиялын ынталандыру ғана емес, сонымен қатар Қазақстан қалаларында Наурыз мейрамының ерекше атмосферасын құру болды. Бұл бастама еліміздің түкпір-түкпіріндегі автокөлік әуесқойларын, дрифтерлерді, суретшілерді, тіпті фермерлерді ортақ мәдениеттің айналасына біріктіріп, ұлттық мұраның байлығы мен алуан түрлілігін көрсетті. Байқау ұйымдастырушыларын қатысушылардың жоғары деңгейі мен автокөліктердің мерекелік безендіру сапасы таң қалдырды.
«Байқауға қатысушылардың қаншалықты күш салғаны бізді таң қалдырды. Олар көліктерінің салонынын жалаулар мен ұлттық нақыштағы көрпелермен безендіріп, бүкіл көлікті толығымен баптап, шаңырақпен, ұлттық кілемдермен, асықтармен сәндеуге дейін тырысып, нағыз ұлттық мерекесінің бүкіл атмосферасын жаңғыртты. Қазақстандықтардың бұл ынтасы бізді бұл байқауды жыл сайынғы іс-шараға айналдыру идеясына әкелді. Қазақстан отбасыларын, қалаларын және тұрғындарын біріктіретін қызмет ретінде бұл байқау көктемнің ең жарқын мерекесіне орай еліміздің түкпір-түкпірінен келген жүргізушілерді де біріктіреді деп сенеміз», – деп түсіндірді inDrive.Қалааралық сервисінің басшысы Борис Хван.
Байқаудың жеңімпаздары келесі пайдаланушылар болды:
- 3 орын: _serega_pitenko_, Алматы қ
- 2 орын: @askhee.art, Астана қаласы
- 1 орын: old_timer_022, Ақтау қаласы.
Байқау Наурыз мерекесіне арналған үлкен жобаның бір бөлігі болды. Байқаумен қатар, сервис қалада көктемгі және ұлттық киім элементтерімен безендірілген көліктерді шығарып, қаланы аралап, алматылықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ