присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ұлыбритания Арал теңізін құтқаруға көмектеспек

16 ақпан 2024 14:44
Ұлыбритания Арал теңізін құтқаруға көмектеспек

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесуде елші Ұлыбритания Үкіметі алғаш рет Орталық Азияда климаттың өзгеруімен айналысатын халықаралық қор құрғанын мәлімдеді.

Біріккен корольдік қор аясында өңірдегі 5 мемлекетке климаттың өзгеруі салдарымен күресуге қолдау көрсетеді.

Сондай-ақ британдық тарап халықаралық Аралды құтқару қорымен де ынтымақтастық орнатуға дайын.

Кэти Лич Ұлыбритания Қазақстанмен өңірлік қана емес, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық аясында да өзара іс-қимыл жасауға ниетті екенін атап өтті.

Нұржан Нұржігітов Қазақстан үшін су дипломатиясы саласында техникалық мамандық иелерін дайындау маңызды екенін айтты.

Елші Ұлыбритания «Болашақ» бағдарламасы аясында магистрлер мен философия докторларын дайындауға әзір екенін жеткізді. Сондай-ақ британдық делегация Қазақстанға гидрогеология, ирригация, мұздықтарды зерттеу және тағы басқа саладағы білікті  сарапшыларды шақыруға дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ кездесуде Кэти Лич ағын суларды тазарту технологиясын енгізумен айналысатын британдық компаниялар Қазақстанда жұмыс істеуге ниетті екені айтты.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру