Ұшақ жанында темекі шеккен шетелдіктерге айыппұл салынды
Әуежайдағы желілік полиция бөлімі «Алматы-Кутаиси» бағытындағы әуе рейсінің екі жолаушысын түсіріп алды.
Алматы қаласы әуежайындағы тексеру барысында шетелдің 20 жастағы екі азаматы анықталды.
Әуе компаниясы өкілдерінің актісі бойынша, «Алматы-Кутаиси» бағытындағы әуе рейсінің екі жолаушысы ұшаққа отырғызу кезінде әуе кемесінің жанында темекі шеккен.
Құқық бұзушылардың әрқайсысына 15 АЕК (55 380 теңге) айыппұл салынды, - деп хабарлады Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімі.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ