присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Өскемендік ғалымдар 150 ауруды тез анықтайтын аппарат ойлап тапты

21 ақпан 2024 14:55
Өскемендік ғалымдар 150 ауруды тез анықтайтын аппарат ойлап тапты

Өскемендік ғалымдар жылдам әрі нақты талдама жасайтын аппарат ойлап тапты.

Қарапайым халық енді медициналық анализ нәтижесіне анағұрлым жедел қол жеткізуі мүмкін. Мәселен, осы құралдың көмегімен қан құрамынан бар болғаны 14 минут ішінде 150 ауру түрін анықтауға болады.

Химик мамандар мүмкіндігі кең диагностикалық техниканы мемлекеттік емханаларға тегін орнатып бермек.

Жалпы, құрылғы шетелдік нұсқаларға қарағанда өте арзан әрі диагнозды дәл қояды. Мұны дәрігерлер де жоғары бағалап отыр.

Шеттен әкелген аппарат сынып қалса, оны жөндеу үшін біз арнайы шебер шақыртамыз. Оны бірнеше күн күтуге тура келеді. Ал өзіміздің жергілікті ғалымдардың бұл туындысы өте тиімді. Бұзыла қалса, басқа да мәселе туындаса, мамандар тура қасымызда. Бұл құрал барлық емхана, ауруханаға қойылса, науқастарға да ыңғайлы болар еді, - дейді медициналық орталықтың бас дәрігері Рая Рахимова.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру