Өзбекcтанда төрт мың жыл бұрынғы көне бейіт табылды
Өзбекстан Республикасында жергілікті және қытай археологтары Сұрхандария облысынан төрт мың жыл бұрынғы көне бейітті тапты.
Мәдени мұра агенттігіне қарасты Яхё Ғұломов атындағы Самарқанд археологиялық институты мен Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Батыс университеті арасында ғылыми ынтымақтастық туралыКкелісімге сәйкес биылғы жылдың 16 сәуірінен бастап екі елдің археологтары Сұрхандария облысының «Узун» ауданында орналасқан «Чинортепа» ескерткішінде қазба жұмыстарын бастады.
Экспедиция кезінде ғалымдар төрт мың жылдық қабірлер мен екі мың жылдық қала қирандыларын тапты. Археологтардың пікірінше, табылғандар қаланың қирандасы мен көне бейіттер қаңлы, кушан және юечжи (массагет) дәуіріне, яғни біздің заманымыздан бұрынғы II ғасыр мен біздің заманымыздың III ғасырына дейінгі уақытта салынған.
Қазір Өзбекстан мен Қытай бірлескен экспедициясы осы бағытта ғылыми зерттеулерді жалғастырып жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ