Фариза Оңғарсынованың есімі Маңғыстау облысындағы мәдениет үйіне берілді
ҚР Үкімет басшысы Асқар Маминнің Қаулысымен Маңғыстау облысында екі нысанға қоғам қайраткерлерінің есімдері берілді, деп хабарлайды Taunews.kz.
Атап айтқанда, Премьер-Министрдің Қаулысымен:
- Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Маңғыстау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шоқыр Бөлтекұлының есімі берілді.
- Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мұнайлы аудандық орталық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Фариза Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйі» МКҚК болып қайта аталды. Құжат алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ