присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Украинада ашаршылыққа байланысты құпия мәліметтер жарияланды

30 қараша 2020 15:28
Украинада ашаршылыққа байланысты құпия мәліметтер жарияланды

Украина қауіпсіздік қызметі ашаршылықтың кесірінен туындаған 1937 жылғы демографиялық дағдарыс туралы осыған дейін құпия болып келген мәліметті жариялады, деп хабарлайды Taunews.kz.

"1937 жылғы бүкіл одақ көлемінде жүргізілген халық санағы нағыз демографиялық дағдарыс болғанын көрсетті" дейді Украина қауіпсіздік қызметі мамандары. Ол кезде совет демографтары Украина халқы 35 млн болады деп болжаған. "Алайда санақ нәтижесі 29 млн адам қалғанын көрсеткен, яғни іс жүзінде 1926 жылғы халық саны өзгермеген" делінген хабарламада.

Украина жоғарғы радасы 14 жыл бұрын Голодоморды 1932-33 жылдары украин халқына жасалған геноцид деп таныған. Киев өзге мемлекеттерді де Голодоморды геноцид деп тануға шақырған.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру