Ақтоты Райымқұлова: Көрнекі ақпараттардың қате аудармалары азаяр емес
Өнімдердің қапталамалары мен мекемелердің маңдайшаларында орналасқан көрнекі ақпараттардың қате аудармаларына қатысты былтыр жедел желіге (call center) 3 жарым мыңға жуық шағым келіп түскен. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі ақтоы Райымқұлова мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді .
Ақтоты Райымқұлова мемлекеттік тілге сауатсыз аударылатын көрнекі ақпараттарға қатысты заңға бірқатар өзгертулер мен түзетулер енгізуді мәжілістің қарауына ұсынды.
«Мемлекеттік органдарға азаматтардан көрнекі ақпаратты орналастыру кезінде тіл туралы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты шағымдардың көптеп түсуде. Осы орайда мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттың болмауын азаматтар Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында бекітілген өз құқықтарына қысым жасау деп санайды. Көрнекі ақпаратқа қатысты заң бұзушылықтар бойынша мемлекеттік органдарға 2018 жылы – 12 886 өтініш, 2019 жылы 12 900 өтініш келіп түскен. 2020 жылы көрнекі ақпараттар бойынша жедел желіге (call center) келіп түскен шағымдар саны – 3442-ні құраған»,- деді ведомство басшысы.
Осылайша үкімет мүшелері аталған проблемаларды шешу мақсатында еліміздің 13 заңнамалық актісіне түзетулер енгізу көздеп отыр. Олар Конституциядағы мына бағыттарды қамтымақ.
1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі;
2) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;
3) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңы;
4) «Темір жол көлігі туралы» Заңы;
5) «Автомобиль көлігі туралы» Заңы;
6) «Жарнама туралы» Заңы;
7) «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы;
8) «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Заңы;
9) «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Заңы;
10) «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Заңы;
11) «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы;
12) «Пошта туралы» Заңы;
13) «Кинематография туралы» Заңы.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ