«Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының жаңа томы жарық көрді
ҚР Ұлттық музейінде «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының төртінші томы таныстырылды, деп хабарлайды Taunews.kz.
Бұл томында Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы және Шығыс Қазақстан облысының мәдени және тарихи мұрасы қамтылған. Жинақ екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде әзірленген. «Қасиетті Қазақстан» жинағының соңғы бесінші томы келесі жылы шығарылуы мүмкін.
«Энциклопедия аясында мен Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істедім. Біз бұл жұмысқа Шығыс Қазақстанның археологиялық, тарихи, мәдени ескерткіштері мен географиялық ландшафтарын енгіздік. Жалпы алғанда, аймақта орналасқан 70-тен астам әртүрлі тарихи ескерткіштер қамтылды. Мысалы, олардың арасында «Аблайкит» буддалық монастыры бар. Түркі қағанатының заманынан бергі «Елеке сазы» ғибадатхана кешені, Семейтау, Көкентау тау сілемдері және түрлі кезеңдерді қамтитын басқа да ескерткіштер бар», - деді ғалым Айдын Жүнісханов.
«Қасиетті Қазақстан» бестомдық энциклопедиясының алғашқы жинағы 2017 жылы жарық көрді. Онда Алматы және Ақмола облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының киелі нысандары көрсетілген болатын.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ