"Әлем ханымы - 2021" Қазақстанда өтуі мүмкін
Қазақстанда келесі жылы "Әлем ханымы" байқауы өтуі мүмкін. деп хабарлайды Taunews.kz.
"Негізі, байқау өткізу құқығы жеңімпаз елге беріле бермейді. Бірақ биыл конкурс онлайн өткендіктен, келесі жылы сіздерде өткізуге керемет мүмкіндік бар деді. Егер мемлекет қолдап, демеушілер табылып жатса, Қазақстан келесі жылы күзде немесе қыста ұйымдастыруы мүмкін", - деді конкурстың Қазақстандағы ресми өкілі Арай Әлімхан.
Оның айтуынша, бұған дейін байқау Қытайда, Болгарияда, Еуропада, Оңтүстік Африкада және тағы басқа мемлекеттерде өткізілді. Егер мемлекет тарапынан қолдап жатса, онда өткізілуі мүмкін. Айта кетейік, 29 желтоқсанда елордада "Әлем ханымы 2020" атанған Жұлдыз Әбдікәрімова тәжін киді. Байқау жеңімпазының тәжі мен лентасы Болгариядан жеткізілген.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ