Қаңтардағы азаптау бойынша 12 ҰҚК қызметкері жауапқа тартылады – Бас прокуратура
Қаңтар оқиғасында азаптау дерегі бойынша 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты
«Азаптау бойынша 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тағы 5 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. 23 адамға айып тағылды. Тағы бір қылмыстық іс сотта қаралуда. Жалпы 29 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Оның 17-сі полицей, 12-сі Ұлттық қауіпсіздік қызметкері», - деді Әсет Шындалиев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Сондай-ақ Бас прокурордың орынбасары рақымшылыққа нақты қанша адам ілігетінін айтты.
«Біздің болжамға сәйкес, 1,5 мыңға жуық адам ілігеді. Олардың басым бөлігі – қарапайым азаматтар. Олар жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар, ұрлық жасағандар және тағы басқа қылмыс жасағандар», - деді ол.
Айта кетейік, бүгін Мәжіліс депутаттары «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ