присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Президент 17-18 қазанда ҚХР-ға ресми сапармен барады

16 қазан 2023 11:44
Президент 17-18 қазанда ҚХР-ға ресми сапармен барады

17-18 қазанда Қазақстан президенті Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады.

Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады.

Сосын сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру