присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Тоқаев кредит алып, қарызға батқан қазақстандықтарға қатысты ұсынысын жариялайды

20 қазан 2022 12:40
Тоқаев кредит алып, қарызға батқан қазақстандықтарға қатысты ұсынысын жариялайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысы тұрғындарымен кездесуінде барлық мемлекеттік қызметшіден әділ болуды талап етті.

«Шын мәнінде, әділдік болмаса, ешбір сала дамымайды. Халқымыз «Әділ істің – бәрі игі» деп бекер айтпаған. Құзырлы органдар, лауазымды тұлғалар шешім қабылдағанда осыны әрдайым есте ұстауға тиіс.

Әділетсіз қабылданған шешім биліктің беделін түсіреді. Қоғамға іріткі салып, халықтың наразылығын тудырады. Сондықтан, ешқашан әділдіктен аттауға болмайды. Барлық мемлекеттік қызметшіден әділ болуды талап етемін. Сонда ғана біз берекелі қоғам, мықты мемлекет боламыз», - деді Президент.

Одан бөлек, Тоқаев несие алып, қарызға батқан қазақстандықтар туралы мәлімдеме жасап, таяу арада осы мәселе бойынша халыққа ұсынысын жариялайтынын жеткізді.

«Мен тағы бір күрделі мәселеге тоқталғым келіп отыр. Елімізде көп адам несие алып, қарызға батып жүр. Бұл мәселе мені де қатты толғандырады. Таяу арада мен осы мәселе бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын», - деді Тоқаев.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру