присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Өзбекстан Түркістанда 5 мың орындық мешіт салып жатыр

04 маусым 2020 10:52

      Киелі Түркістан қаласында аумағы 5 мың шаршы метр болатын, 5 мыңнан астам жамағат бір мезгілде құлшылық ете алатын мешіт салынып жатыр.

      Сыртқы аумағы 3 мың адамға арналған ғибадат үйінің құрылысы заман талабына сай озық үлгіде жүргізілуде. Мешітте мұсылмандық жораларды жасайтын орындар, конгресс-холл, неке сарайы, 180 орындық медресе, кітапхана, асхана бар, спорттық алаңдар, 500 орындық автотұрақ пен ғажайып субұрқақтар салынады деп жоспарлануда.

      Былтыр іргетасы қаланған еңселі мешіт – көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізіледі. Бірегей жобаға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетіп отыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру