Бас мүфти «Жусан» операциясымен елге оралған отбасыда қонақта болды
Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекеттің қамқорлығымен жүзеге асқан «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында Қордай өңіріне жеткізілген Гүлшат Ілиязова мен Ильмира Фахриеваның отбасында қонақта болды, - деп хабарлайды Taunews.kz.
«Сіздерге жырақта оңай болмағанын білеміз. Бірақ, біздің мемлекетіміз өз азаматын өзекке теппей, өзге елде жетімнің күйін кешпесін деп осында әкелді. Туған жердің қадірін, бостандықтың қадірін біле бермейміз. Бірақ бұдан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіз отанымыз бар. Дәстүрлі дініміз қайта оралды. Ендігі жерде Сіздер ана ретінде мына жүрген бүлдіршендердің ертеңін ойлауға тиіссіздер. Осы балалардың алаңсыз білім алып, елдің азаматы ретінде қалыптасуға күш жұмсаңыздар», - деді Бас мүфти.
Алғашында Қордай ауданына жеткізілген oтбасының тұрарға баспанасы болмаған еді. Дегенмен, жергілікті имамдар мәселені тез арада шешіп, кәсіпкерлердің демеуімен 6 бөлмелі үйді сыйға беріліпті. Діни басқарма атынан шаңырақ иелеріне үйге қажетті техника тарту етілді. «Жусан» гуманитарлық операциясымен елге оралған қос ана өз ризашылықтарын білдірді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ