Кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеевтің келесі қарсыласы анықталды
Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев шаршы алаңға желтоқсанда оралады, - деп хабарлайды Taunews.kz Boxingscene.com порталына сілтеме жасап.
Әшкеев шаршы алаңға 3 желтоқсанда Лос-Анджелес қаласында Фредди Роучтің Wild Card Boxing Gym залында өтетін бокс кешінде шығады. Оның қарсыласы жеңілмеген америкалық боксшы Чарльз Конуэлл болмақ. Жекпе-жек он раундқа жоспарланып отыр. Кездесуді NBC арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
"NBCSN арнасында жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алғаным үшін қуаныштымын. АҚШ жерінде бірінші рет телеарнада көрсететін айқаста өзімді жақсы қырынан көрсетіп, үлкен мәлімдеме жасауға дайынмын", - деді жерлесіміз Мадияр Әшкеев.
Бастапқыда Әшкеев пен Конуэлл арасындағы кездесу 10 сәуірде өтуі керек еді. Бірақ, жоспарланған бокс кеші коронавирус инфекциясына байланысты кейінге шегерілді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ