Бейбіт Жұқаев Қазақстанның екінші ракеткасы атанды
Теннисші Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Шарлотсвилл қаласында өткен челленджер турнирінің жеңімпазы атанды.
Финалда Жұқаев дүниежүзілік рейтингте 376-орында тұрған америкалық 20 жастағы Эйдан Мейомен бас жүлдені сарапқа салды. Жұқаев бірінші партияда есеп 4:3 болған кезде брейк жасап, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Екінші сетте ол тағы бір брейк жасап, 4:2 есебімен алға шықты. Одан кейін үшінші сетте қарсыласынан 6:4 есебімен басым түсті.
Матч 1 сағат 15 минутқа созылып, Қазақстан теннисшісі 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Осы жеңісінің арқасында Бейбіт Жұқаев үздік 200 теннисшінің қатарына еніп, Қазақстанның Александр Бубликтен кейінгі екінші ракеткасы атанды.
Шарлотсвиллдегі жарыстың жүлде қоры – 80 мың АҚШ доллары. Жеңімпаз 10 840 доллар алып, 75 рейтингтік ұпайға ие болды.
Бейбіт Жұқаевты ойыннан кейін атақты Новак Джоковичтің өзі мақтаған.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ