КӨКПАРДАН ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ХХІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ
2024 жылдың 21-27 сәуір аралығында Қызылорда қаласының атшабарында өткен көкпардан ересектер арасындағы ХХІІІ Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл дүбірлі додаға Абай, Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау облыстарының құрама командалары мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Қарулы күштері орталық армия спорт (ЦСКА) клубы және Астана, Шымкент қаласының командалары қатысты.
Жарыстың алғашқы күні командалар топқа бөлініп, айналмалы жүйе бойынша сынға түсті. Өзара 4 топқа бөлінген командалар әрқайсысы 3 ойыннан өткізіп, топтан бірінші болып шығу үшін барын салды.
Жарыстың үшінші күнінде өз тобынан топ жарып жартылай финалға шыққан Қостанай, Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстары болды. Жеребе тарту рәсімі өткізіліп өзара кездесу өткізетін екі жұп анықталды.
Көкпар ойындары арасындағы бір күндік үзілісте 25 сәуір күні көкпардан жекпе-жек аттары бойынша Қазақстан Республикасының алғашқы чемпионаты өткенін де айта кеткен жөн. Жекпе-жекте қарсылас шақ келтірмеген Шымкент қаласының тұлпары «Жебе» болып, шабандоз Елдар Жарылқап 1 000 000 теңге жүлде иеленді.
26 сәуір күні алғашқы жартылай финалдық ойында Қостанайлықтар мен оңтүстік астана командасы арасындағы текетіресте 1:4 есебімен Алматылықтардыңайы оңынан туып, Елдар Жиенқұлов кездесудің үздік ойыншысы атанды. Жартылай финалдың екінші кездесуі Жамбыл облысының «Әулие атасы» мен Түркістанның «Тұраны» арасында болды. Барлық көкпар сүйер көрерменнің назарында болған бұл ойын 9:2 есебімен жамбылдықтардың пайдасына аяқталды.
Финал күнін барлық ұлттық спорт жанкүйерлері тағатсыздана күтті. 27 сәуірге белгіленген ақтық кездесудің алдында Қостанай мен Түркістан облыстарының құрамалары 3-орын үшін таласты. Өте тартысты өткен ойында қостанайлық командаға сәл ғана сәттілік жетіспей, 1 ғана салым айырмасымен Түркістанның пайдасына 6:7 болып аяқталды. Ақтық сында Жамбыл облысының құрамасы мен Алматы облысының құрамасы кездесті. 40 минутқа созылған бұл кездесу 7:1 есебімен жамбылдық «Әулие атаның» пайдасына шешілді. Ойынның басты жұлдызы үш салым салған Құрманбек Тұрғанбек болды.
Осылайша бұл чемпионатты кезекті рет жеңген Жамбыл облысы Қазақстан Республикасының 14 дүркін чемпионы атанып 7 000 000 тг сыйақы алды. Күмісті місе тұтқан Алматы облысына 5 000 000 тг, қоланы мойнына ілген Түркістан облысына 3 000 000 тг, ал екінші үшінші орын Қостанай облысына 1 500 000 тг жүлде берілді.
Бас төреші Ғани Ахметбаев:
Көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Манкеев:
ҚР Көкпар федерациясының президенті Бауыржан Исабаев:
Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов:
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ҚР Көкпар федерациясның президенті Бауыржан Исабаев, ҚР Ұлттық және ат спорты орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов пен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев марапаттап, ақшалай сертификаттар табыстады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ