присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Параазиадада тағы бір Қазақстан спортшысы қола медаль алды

24 қазан 2023 12:36
Параазиадада тағы бір Қазақстан спортшысы қола медаль алды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV Пара Азия ойындарында Қазақстан спортшыларының қоржынына тағы бір медаль түсті.

Роман Потапов S12 санаты бойынша 100 метр қашықтықты арқамен жүзуде қола медаль жеңіп алды. Оның көрсеткіші –  1 минут 10.25 секунд.

Алтын медальді индонезиялық Иавианда Маулана Рифки (1:03.55) иеленді. Ираннан келген Карими Йохан Абади Мохаммад Хоссейн (1:09.05) күміс медаль иегері атанды.

Осымен Қазақстан спортшылары 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль алды.

Пара Азия ойындары 22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында 22 қазанда басталды. Ол 28 қазанға дейін болады. Биылғы жарыс осымен төртінші рет болып жатыр. Параазиадаға елімізден жарыстың 14 түрінен 131 спортшы қатысуда.

Параазиадада жалпы саны спорттың 22 түрінен 564 жүлде жиынтығы ойнатылатын болады. Атлеттер пара дзюдо, пара пауэрлифтинг, пара жүзу, пара жеңіл атлетика, пара таэквондо, пара оқ ату, пара садақ ату, отырып ойнау волейболы, пара үстел теннисі, пара велоспорт, пара академиялық есу, шахмат, бочча, каноэ сынды жарыстарға қатысады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру