Рыбакина эйс жасау жөнінен көш бастады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тағы бір тарихи нәтижеге жетті. Ол халықаралық турнирлердегі соңғы төрт ойында 10 және одан көп эйс жасап, атақты америкалық теннисші Серена Уильямстің тарихи нәтижесін қайталады.
Қазір Рыбакина АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан WTA 1000 турниріне қатысып жатыр. Осы додада ол Анна Калинскаямен кездесуде 14, Паула Бадосамен ойында 12, Элиза Мертенспен өткен матчта 10 эйс жасады. Одан басқа, теннисші ширек финалда Мартина Тревизанмен ойында тағы 10 эйс жасап көрді.
Рыбакина биылғы маусымда 25 матчта 201 эйс жасаған.
Көп эйс жасаған теннисшілердің арасында франциялық Каролин Гарсия мен Беларусь өкілі Арина Соболенко бар. Олар екінші және үшінші орында тұр.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ