присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Тағы бір қазақ файтері UFC-ге қосылды

31 қаңтар 2024 17:32
Тағы бір қазақ файтері UFC-ге қосылды

Жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан UFC-мен келісімшартқа қол қойды. Ол әлемдегі ең мықты промоушенде жеңіл, яғни 61 келі салмақта октагонға шығады.

Қазір UFC-де бұл салмақтың чемпионы – америкалық Шон О'Мэлли. Оның жасы – 29-да. Биыл ол отызға келеді. Бұған дейін Сергей Морозов та Қазақстаннның атынан осы салмақта төбелескен.

Бекзат Алмаханға келсек, жасы – 26-да. Ол осыған дейін 18 рет жекпе-жекке шығып, біреуінде ғана қарсыласынан жеңілген. 13 жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған. Бекзат соңғы 2 жылда OCTAGON ұйымдастыратын жекпе-жек кештерінде күш сынасты. Сонымен бірге Bushido Qazaqstan, Zhekpe Zhek, ресейлік MMA Series пен БАӘ-нің UAE Warriors турнирлеріне қатысты.

Файтер туралы тағы бір деректі айтсақ, ол ММА-мен 17 жасынан бастап айналыса бастаған. Ал негізгі спорты – каратэ. Қазір оны ММА-дің аты аңызға айналған маманы Дәнеш Дүнгенбаев жаттықтырады.

Бекзат – Дәнеш Дүнгенбаевтың UFC-ге шыққан екінші шәкірті. Бұған дейін Азат Мақсұм UFC-мен келісімшартқа қол қойып, бір рет жекпе-жекке шыққан еді.

4 ақпанда Азат Мақсұм америкалық Чарльз Джонсонмен октагонға шығады. Америкалық файтер де OCTAGON-нан UFC-ге келген.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру