Атырау облысында 2 адам көлікпен өзенге батып кетті
Атырау облысында автокөлік Жайық өзеніне батып кетіп, 2 адам қаза тапты, деп хабарлады Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтары арнасы.
ІІМ мәліметінше, 17 қазанда учаскелік полиция инспекторы Жайық өзеніне бағытталған автокөлік іздері барын хабарлаған. Аталған хабарлама бойынша Атырау облысының ТЖД қызметкерлері Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігін шығарды.
Көлік ішінен 1971 жылы және 1981 жылы туған екі ер адамның денесі анықталды. Дене жарақаттары анықталмаған. Бейнекамераларға 16 қазанда сағат 23:18 шамасында автокөліктің жоғары жылдамдықпен барып Жайық өзеніне батқаны түсіп қалған, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ полиция қазір сот-медициналық сараптама тағайындалғанын атап өтті.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ