присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Боранбаев мемлекетке 35,4 млрд теңгенің мұнай-газ ұңғымаларын да берді

19 қазан 2023 15:37
Боранбаев мемлекетке 35,4 млрд теңгенің мұнай-газ ұңғымаларын да берді

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың тергеумен ерікті ынтымақтастығы аясында оның мүлкін мемлекет кірісіне қайтару шараларын жалғастырып жатыр.

Агенттіктің мәліметінше, «Қаражанбас Северный» кен орны мемлекет меншігіне өткен.

Кен орнының өндірістік параметрлері – құны 35,4 млрд теңге болатын 2,6 млн тонна мұнай және 13,2 млн текше метр газ бар 143 ұңғыма. Боранбаев, сондай-ақ, тауарлық газды тасымалдаумен және сатумен айналысатын «Азия Газ Чунджа» газ таратушы компаниясын мемлекет меншігіне берді. Компанияның нарықтық құны – 14 млрд теңгеге жуық, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Сонымен қатар, құны 9 млрд теңге болатын «Сервисный Центр КазТурбоРемонт» ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты мемлекет меншігіне өтеді. Кәсіпорын жұмысшыларының саны – 740 адам. Бұл нысандардың барлығы мемлекеттің пайдасына өтеді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру