Қазақстанның үш елдегі елшісі тағайындалды
Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстанның Индонезиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Сержан Әбдікәрімов 1976 жылы 11 мамырда Қарағанды қаласында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және Ресей СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.
2015-2019 жылдары Қазақстанның Чехиядағы елшісі, сонымен қатар Қазақстанның Словакиядағы елшісі қызметін қоса атқарды.
2019-2023 жылдары Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі болды.
Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстанның Мексикадағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, сондай-ақ ол Қазақстанның Латвиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Тимур Пірімбетов 1973 жылы 17 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстанның Латвиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Дәурен Кәріпов 1969 жылы 2 шілдеде Талдықорған облысында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін бітірген.
2013-2019 жылдары Германияда ҚР Берлиндегі елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі және Майндағы Франкфурт қаласындағы ҚР бас консулы қызметтерін атқарды. 2019-2022 жылдары – Қазақстанның Германиядағы елшісі.
2022 жылдың маусымнан бастап Қазақстанның Латвиядағы елшісі болып тағайындалғанға дейін ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры болды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ