Алматы әуежайы қалыпты жұмыс режиміне көшті
Алматы әуежайы 19 қаңтардан бастап қалыпты режимде жұмыс істейді.
"Алматыда төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағаттың аяқталуына байланысты 19 қаңтар сағат 00.00-ден бастап Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істей бастады", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Алматы халықаралық әуежайының аумағына автокөлікпен кіру уақытша шектеу қойылған.
Айта кетері, Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін 13 қаңтарда қала әуежайы қайта ашылды. Алайда төтенше жағдай мен коменданттық сағатқа байланысты таңғы 08:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істеді.
Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде ойрандаушылар әуежайды басып алған. Ғимарат терроризмге қарсы операция барысында босатылды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
27 октября 2021 15:50
Авторизация
Регистрация
Комментариев пока нет