присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

KAZPATENT коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу жөніндегі патенттік өтінімдерді қарастыруда

02 октября 2020 13:47
KAZPATENT коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу жөніндегі патенттік өтінімдерді қарастыруда

KAZPATENT коронавирусты алдын алуға арналған вакцинаны және коронавирустық инфекция штаммын әзірлеу жөніндегі екі патенттік өтінім берді,  деп хабарлайды Taunews.kz.
 

«Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ғалымдары патент алу үшін екі өтінім берді:
1. 2020 жылғы мамыр айында - «COVID-19 алдын алу үшін әсерсіздендіретін вакцинаны алу тәсілі»;
2. 2020 жылғы тамыз айында - «COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакциналардың ерекше профилактикалық құралдарын әзірлеу, лабораториялық диагностикалау және биологиялық қорғанысының тиімділігін бағалау үшін қолданылатын COVID-19 коронавирустық инфекциясы вирусының «SARS-CoV-2/KZ_Almaty/04.2020» штаммы»
 
- Қазіргі кезде өтінімдер мәні бойынша сараптама кезеңінен өтуде. Сараптаманың нәтижесі оң болған жағдайда өнертабыс патенттеледі» - деп хабарлады KAZPATENT директоры Ермек Қуантыров.
 

0 Показать комментарии Скрыть комментарии