Биыл 11 айда бюджеттің 66 млрд теңгесі игерілмей қалған
Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджет бойынша игерілмеген қаражат көлемі – 66 млрд теңге екенін айтты .
«Республикалық бюджет бойынша шығыстар 13 трлн теңгені құрады. Атқарылмау 81 млрд теңге, оның ішінде 15 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмегені – 66 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары мәдениет және спорт, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы және ішкi iстер министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: нақты көрсетілген қызметтер көлемі үшін ақы төлеу, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу сынды мәселелер туындап отыр», - дейді Ерұлан Жамаубаев.
Қаражат игермеу жергілікті бюджетте де туындап отырған мәселе. Оның шығысы 8 трлн теңге. Одан бөлек, 327 млрд теңгеге атқарылмаған. Қаражат игермеген қалалардың ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Батыс Қазақстан және Түркістан облыстары еніп отыр.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
27 октября 2021 15:50
Авторизация
Регистрация
Комментариев пока нет