Қызылордада экс-судья мен хатшысы түрмеге жабылды
Қызылорда облысындағы Шиелі аудандық сотының бұрынғы судьясы мен оның хатшысы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
10 желтоқсанда Шиелі аудандық сотының судьясы Құрманбай мен оның хатшысы Қыдырәлиеваға қатысты айыптау үкімі шықты. Үкімге сәйкес, судьяға 2 жыл 6 ай және хатшыға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Хатшы Қыдырәлиеваның кәмелет жасына толмаған 4 баласын, соның ішінде емізулі баласы болуына байланысты оның жазасы жеңілдетілді.
Бұрынғы судья Құрманбай көрінеу заң бұзатын сот актілерін шығарғаны (Қылмыстық кодекстің 369-бабының 3-бөлімі) және қызмет бабында жалған құжат жасағаны (Қылмыстық кодекстің 418-бабының 1-бөлімі) үшін кінәлі деп танылды. Қыдырәлиева қылмыстық әрекетті орындауға көмектескені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
"Құрманбай нақты сот отырыстарын өткізбестен, сондай-ақ жалған мәліметтер енгізу арқылы 12 азамматтық іс (тұрғын үйлер мен ер телімдерін сату-сатып алу келісімшарттарын мойындау туралы) бойынша шешім шығарған. Сотталушылардың кәмелетке толмаған балалары болуын сот жазаны жеңілдететін жағдай деп танып, соған байланысты Құрманбайдың жазасы 5 жылдан 2,6 жылға, Қыдырәлиеваныкі 4 жылдан 2 жылға қысқартылды", - деп жазылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.
Екеуі де мемлекеттік қызмет саласында қызметке тағайындалу құқығынан өмір бойына айырылды. Құрманбай сот залында қамауға алынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
27 октября 2021 15:50
Авторизация
Регистрация
Комментариев пока нет